Басты бет » Жаңылтпаштар туралы
Жаңылтпаштар туралы
Жаңылтпаш (аз қолданылатын атаулары – тез айтқыш, таза айтқыш, тіл сындырғыш) – халық фольклорының әзіл жанры, шағын өзіндік өлең. Жаңылтпаштар өлеңдерден сөздердегі ұқсас және айтылуы қиын дыбыстар мен әріптердің тіркесі мен орын алмастыруына негізделетіндігімен ерекшеленеді.
Жаңылтпаштардың авторы – халық. Бұрын жаңылтпаштар балаларды күлдіру және ойнату үшін ойлап табылатын. Заманауи Қазақстанда қазақша жаңылтпаштарды оқытушылар мен логопедтер мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың сөйлеу қабілетін жақсарту үшін жиі пайдаланады.
![]() |
||
Мысалы:
Егер балаңызда ызың дыбыстармен қиындықтар болса, онда мына жаңылтпашты пайдалану керек:
Екеуінін жасы шамалас,
Бірінің шашы - қарашаш,
Бірінің шашы - ақ шаш аралас.
егер балаңызда «Р» әрпімен қиындықтар болса, онда мына жаңылтпашты пайдалану керек:
Тұрыс бұрышқа тұр,
Бұрышта дұрыс ұрыспай тұр
Сондай-ақ, біздің сайтқа қойылған қазақша жаңылтпаштар белгілі бір мамандық иелеріне де пайдасы тию мүмкін.
Мысалы: дикторлар, шешендер, әншілер, актерлер мен тележүргізушілерге.
Күрке
Сұрау